Дәрігерге қаралуды қалай барынша пайдалы қылуға болады?
Сіз дәрігерге қойғыңыз келетін сұрақтарды ойластырып, оларды жазып алыңыз және оларды қабылдауға келгенде өзіңізбен бірге ала келіңіз.
Қаралудың басында осы сұрақтарды өз емдеуші дәрігеріңізге қойыңыз. Қаралудың соңын күтіп отырмаңыз — сол сәтке дейін дәрігерде сұрақтарға жауап беретін уақыт қалмай қалмауы мүмкін.
Сіз отбасыңыздың мүшесіне немесе досыңызға өзіңізбен бірге дәрігердің келесі қабылдауына бару жөнінде осындай мүмкіндікті маманмен алдын ала келісіп алған соң ұсыныс жасай аласыз. Олардың сіздің дәрігермен сұхбатыңыздың жазбасын түсіріп алу мүмкіндігі бар.
Дәрігердің қабылдау кезінде айтқанының бәрін есте сақтап алу кейде қиын. Сондықтан сіз келесі жолы салыстырып тексеру үшін жазба түсіріп алған дұрыс. Бұдан бөлек, көптеген смартфондарда қазір диктофон функциясы бар. Сізге кеңесудің дыбыстық жазбасын түсіріп алу және оны кейінірек тыңдап шығу қолайлы болуы мүмкін. Сіздердің өзара әңгімеңізді жазып алатыныңыз жөнінде міндетті түрде дәрігерге ескертіңіз.
Кейде кеңес кезінде немесе емдеу барысында сіз өзіңізге бейтаныс медициналық терминдерді естіп қалуыңыз мүмкін. Ондай жағдайларда дәрігерден немесе мейіргерден сізге беймәлім сөздердің мағынасын түсіндіруді өтініңіз.
Көп түрлі миеломаның дамуына қарай оның симптомдарының айқындылығы да артуы мүмкін. Симптомдар әртүрлі пациенттерде ерекшеленуі мүмкін. Осындай симптомдарды жеңілдетудің ең көп тиімді тәсілдері бойынша нұсқаулар төменде ұсынылған. Емдеуші дәрігермен немесе мейіргермен, әсіресе, өз жай-күйіңіздің күрт өзгерістері тұсында үнемі кеңесіңіз. Сіз, жалпы алғанда, өмір сапасын жақсартуға арналған профилактикалық шараларды да қабылдай аласыз:
Бұл сізге өз жай-күйіңіз жөнінде өте нақты мағұлұмат алуға көмектеседі.
Бұдан бөлек, бұл ақпарат сіздің жай-күйіңіздің барлық ерекшеліктерімен таныс емес дәрігердің (мысалы, стоматолог) қабылдауында пайдалы болуы мүмкін.
Сіздің ауруыңыз сүйектер ауыруымен қатар жүруі мүмкін. Ол, әдетте, арқаның, қабырғалардың және жамбас аумағының тұрақты сырқырап ауыруы түрінде көрініс береді. Ауыруды басатын дәрілерді қабылдаудан тыс, сүйектер ауыруын жеңілдетудің басқа да әдістері бар:
Оны өз емдеуші дәрігеріңізбен талқылаңыз.
Олар сіздің ауыруды басатын дәріңіздің дозасын түзету немесе ауырсынуды жеңілдетудің басқа әдісін ұсыну үшін дәрігермен немесе мейіргермен сөйлесіңіз.
0-ден 10 дейінгі шкаланы пайдаланыңыз, онда 0 — ауырудың болмауы, ал 10 — шыдатпайтын ауыру.
Ауыру ұстамасы қаншалықты ұзаққа созылады және ондай ұстамалар қаншалықты жиі байқалады?
Бұл қысқа мерзімді ұстама немесе тұрақты ауыру ма?
Тұрақты сырқырайтын немесе кенеттен жедел ауыруды ма?
Невралгия — көп түрлі миеломаның болжамды симптомдарының бірі, сонымен қатар, кейбір емдеу әдістерінің болжамды жағымсыз әсерлерінің бірі23.
Невралгияны шеткері нейропатия деп те атайды. Ол келесі симптомдармен қатар жүреді:34
Қатты қалжырау — көп түрлі миеломаның кең таралған симптомы, сондай-ақ кейбір емдеу әдістерінің болжамды жағымсыз әсерлерінің бірі5. Миелома эритроциттер санының төмендеуімен де қатар жүруі мүмкін, бұл анемияға (эритроциттер санының төмендеуінен боалтын темір тапшылығына) алып келеді5.
Шектен тыз тез қалжырау анемия симптомы болуы мүмкін35. Қатты қалжыраудың келесі көріністері болуы мүмкін5:
Егер сіз осыған ұқсас симптомдарды байқасаңыз, олар жөнінде міндетті түрде дәрігерге хабарлаңыз.
Көп түрлі миелома иммундық жүйеге (организмді инфекциялар мен аурулардан қорғайтын табиғи жүйеге) ықпал етеді. Көп түрлі миеломаны емдеуге арналған кейбір препараттар да иммундық жүйені әлсіретуі мүмкін. Бұл сіздің инфекцияларға ерекше сезімтал болып кетуіңіз мүмкін екенін білдіреді34.
Инфекция, әдетте, температураның көтерілуімен (38 °C-ден жоғары) көрініс береді, бірақ басқа да симптомдары болуы мүмкін:45
Инфекцияның қандай да бір белгілері пайда болғанда бұл жөнінде дереу мейіргерге немесе дәрігерге мәлімдеңіз.
Көп түрлі миелома өз алдына бүйрек функциясының негізгі бұзылу себебі болып табылады. Бұдан бөлек, кейбір дәрілік препараттар бүйректің жағдайына ықпал етуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылуының болжамды симптомдарына үнемі шөлдеу сезімі, жүрек айну және несеп шығаруға жиі қысылу жатады6.
Сізде көп түрлі миелома, сенімсіздік сезімі және кері эмоциялар диагностикаланса — толығымен табиғи реакция. Сіз абыржу, үрей, жабырқау мен тіпті ызалануды сезінуіңіз мүмкін және сізде адамдармен араласу ниетіңіз жоғалып кетуі мүмкін. Үнемі осылай бола бермейді, алайда ондай эмоцияларды түсіндіруге де, түсінуге де болады. Сіз әркім өзінше реакция беретін күрделі ахуалда қалдыңыз. Егер сіз аурумен немесе емдеумен байланысты үрей сезінсеңіз, оны міндетті түрде өзіңізді емдеуге қатысатын медициналық қызметкерлердің біреуімен талқылаңыз.
Айтса, айтқандай, «білім — күш». Сіз ақпаратты қанша көп алсаңыз, сіздің жағдайды бақылауда ұстап отырғаныңыз сонша күштірек сезіледі. Осылайша сізге таразыланған шешімдер қабылдау оңайырақ болады.7