
Біз денсаулық сақтау саласында 60 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Біз зерттеу жүргізу арқылы пациенттердің өмірін жақсартамыз. Біз ең ауыр дерттердің өзінде де тиімді инновациялық дәрі-дәрмектер мен емдеу тұжырымдамаларын әзірлейміз. Алайда жаңа дәрі-дәрмек ойлап табылғаннан бастап, пациент препаратты қолдана бастағанға дейін біраз уақыт өтеді.
Клиникаға дейінгі зерттеулеріміздің бір бөлігі ретінде біз перспективалық субстанция таңдалғаннан бастап дайын препаратқа дейінгі жолды жүріп өтеміз. Дүние жүзіндегі инновациялық орталықтар бізге ең заманауи технологиялар мен ең жаңа ғылыми деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Клиникалық кезеңде — адамдардың қатысуымен жүретін ғылыми зерттеулерде дәрілік препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігіне баға беріледі.

Жаңа дәрілік препарат қалай жасалады? Жаңа дәрілік препаратты жасау үшін ғылыми зерттеулер, заманауи әзірлемелер және, процеске қатысатын құзыретті мамандар қажет екені сөзсіз. Жаңа дәріні жасаудың бүкіл процесі әдетте он жылдан астам уақытқа созылады, ал оның құны кемінде 1-2 миллиард долларды құрайды.

Жаңа препаратты жасаудың бүкіл процесі әдетте он жылдан астам уақытқа созылады, ал оның құны кемінде 1-2 миллиард АҚШ долларын құрайды.
Алдымен ауруды емдеу үшін немесе оның зардабын жеңілдету үшін қолдануға болатын затты табу керек. Бұл химиялық қосылыс, өсімдік немесе жануар тектес зат сығындысы, биотехнология мен генетикалық түрлендірілген жасушаларды қолдану арқылы алынған биопрепарат болуы мүмкін.
Негізінде тиімді және қауіпсіз дәрілік препаратты жасауға болатын заттар іріктеудің, әзірлеудің және сынаудың ұзақ жолынан өтеді. Бастапқы кезеңде іріктеліп алынған бірнеше мың перспективалық субстанциялардың көпшілігі "жолдан шығып қалады", ал соңында нарыққа дәрілік препарат түрінде енетін бір ғана зат қалады.
Аурулар ағзаның табиғи процестері өзгергенде немесе қызметін дұрыс орындай алмағанда пайда болады. Препаратты әзірлеу кезінде алдымен молекулалық деңгейді әбден түсініп алған жөн. Сонда патологиялық процесс "нысанаға" алынып, түзету енгізуге болады. "Нысана" ретінде ағзадан шамадан тыс немесе жеткіліксіз көлемде өндірілетін молекуланы немесе патологиялық құрылымы бар молекуланы таңдауға болады.
Жаңа дәрілік препараттарды жасау үшін перспективалық заттарды іздеу процесінде "нысана" молекулалармен байланысатын және олардың қызметіне әсер ететін субстанцияларды іріктеу және жасау үшін жасушалық дақылдарды — зертханалық жағдайда және виртуалды түрде сынау жүргізіледі. Сынақтарға дәрігерлер, химиктер, биологтар және ақпараттық технологиялар мамандары жұмыс істейді.
Перспективалық әсер ететін кандидат зат зерттеудің толық циклынан өтеді. Алғашқы сынақтар пробиркада және жасуша дақылдарында (in vitro) жүргізіледі. Мүмкіндігінше, «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС компаниясы зертханалық жануарларға зерттеу жүргізуден бас тартады және оның орнына жасуша дақылдарымен немесе одан да ұсақ бірліктермен, яғни жасуша ішіндегі құрылымдармен жұмыс істейді. Дегенмен препараттың к ейбір қасиеттерін тек тірі ағзаға (in vivo) сынап көруге болады, осылайша in vitro сынақтан сәтті өткен әсер ететін заттар жануарларға да сыналуы тиіс.
Фармакокинетика және фармакодинамика саласындағы мамандар әсер ететін заттың әсері мен ағзаның реакциясын бағалайды. Тиімділігімен бірге заттың жануардың ағзасына қалай сіңетіні, қалай таралатыны, заттың ағзада ыдырауы және одан зат қалай шығарылатыны да зерттеледі. Мұқият ойластырылған сынау тәртібі мен талдау әдістері жануарларға жүргізілген зерттеу нәтижелерін адамға да байқап көруге мүмкіндік береді.
Токсикологиялық зерттеулерде әсер ететін заттың қауіпсіздігі тексеріледі. Фармацевтикалық субстанциялардың жүрек пен бүйрекке әсері зерттеліп, жаңа субстанциялардың ағзаға уытты әсері болмайтынына, репродуктивті қызметіне және ұрықтың дамуына зиян болмайтынына, онкологияның дамуына және геномдағы өзгерістерге себеп болмайтынына көз жеткізіледі.
Фармацевтикалық субстанция барлық клиникаға дейінгі зерттеулерден сәтті өткеннен кейін ғана адамдарға зерттеу жүргізуге кірісуге болады. Бұл жерде препараттың қалай енгізілетінін шешу керек: ауыз арқылы немесе инъекция түрінде. Сондай-ақ әлеуетті дәрілік препаратты өнеркәсіптік ауқымда өндіру мүмкіндігін тексеру қажет. Осыдан кейін ғана препаратты әзірлеудің клиникалық зерттеу кезеңі басталады.
Дәрілік препаратты нарыққа жіберу үшін препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін растау қажет. Бұл үшін клиникалық зерттеулер жүргізіледі. Клиникалық зерттеулердің төрт кезеңі бар, дәрілік препарат әдетте олардан біртіндеп өтеді.

Клиникалық зерттеу – бұл эксперименттік дәрілік препаратты немесе емдеу әдісін мұқият жоспарланған ғылыми тұрғыдан бағалау.
Клиникалық зерттеулерді дәрігерлер мен зерттеушілер жүргізеді және төмендегідей маңызды медициналық сұрақтарға жауап беруге көмектеседі:
